UFC чемпионы МакГрегордың келесі қарсыласы айтылды

UFC чемпионы МакГрегордың келесі қарсыласы айтылды
Фото: REUTERS

Екі салмақтағы бұрынғы UFC чемпионы Конор МакГрегор октагонға оралуы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Fightnews.info басылымына сілтеме жасап.

ESPN журналисі Чарли Мойниханның айтуынша, "Нотариус" бұрынғы жеңіл салмақтағы титулға үміткер америкалық Майкл Чандлермен жұдырықтасуы мүмкін. Мойниханның айтуынша, бұл ақпаратты UFC президенті Дэйна Уайт UFC президенті Бретт Окамотомен сұхбатында айтқан.

Айта кетейік, МакГрегор 28 жекпе-жектің 22-сінде жеңіске жетті, бірақ аяғындағы ауыр жарақатына байланысты былтыр шілдеден бері жекпе-жекке шықпады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек