UFC ойынында тұңғыш рет қазақ файтері пайда болды

UFC ойынында тұңғыш рет қазақ файтері пайда болды
Фото: instagram.com/shavkatrakhmonov94/

Шавкат Рахмонов UFC 4 компьютерлік ойынында пайда болған алғашқы қазақстандық файтер болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Менің рейтингім туралы не ойлайсыз?" - деді әлеуметтік желілерде Рахмонов өз жанкүйерлеріне.

Айта кетейік, 28 жастағы Рахмонов UFC-де 2020 жылы дебют жасаған еді. Содан бері америкалық промоушенде төрт жекпе-жек өткізді, онда ол мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Шавкат келесі жекпе-жекті америкалық Джефф Нилмен өткізеді. Ол 2023 жылғы 15 қаңтарда Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтеді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова