Марокко құрамасы әлем чемпионатында тарихи жетістікке жетті

Марокко құрамасы әлем чемпионатында тарихи жетістікке жетті
Фото: Reuters

Марокко құрамасы әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

1/8 финал аясында Марокко мен Испания құрамалары кездесті. Ойынның негізгі уақытында шабуыл аз болды. Жанкүйерлер соққы аз көрді. Сондықтан командалар есеп аша алмай, 0:0 есебі тіркелді.

Артынша 30 минут овертаймда да құрамалар есеп аша алмады. Сондықтан жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Ал ойыннан кейінгі лотереяда Марокко құрамасы дәлдік танытты. Испандар үш пенальтиді де соға алмады. Осылайша, Марокко құрамасы тарихында алғаш рет әлем чемпионатының ширек финалына шықты.

Марокко енді ширек финалда Португалия мен Швейцария матчінің жеңімпазымен кездеседі.  

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Төлеш