ӘЧ-2022: ширек финалға шыққан алғашқы құрама белгілі болды

ӘЧ-2022: ширек финалға шыққан алғашқы құрама белгілі болды
Фото: Reuters

Нидерланд құрамасы Катардағы әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

1/8 финалдың алғашқы матчінде Нидерланд пен АҚШ құрамалары кездесті. Еуропалық ұжым ойынның бірінші таймында екі гол соға алды. 10-минутта Мемфис Депай көзге түсті. Ал командалар үзіліске кетер сәтте Дэйли Блинд есепті еселеді. Екі сәтте де Дензел Дюмфрис нәтижелі пас авторы атанды. 

Кездесудің 76-минутында Хаджи Райт есеп айырмасын қысқарта алды. Дегенмен, ойын нүктесін нидерландтықтар қойды. 81-минутта Дюмфристің өзі қанжығасын майлады - 3:1.

Осылайша, Нидерланд құрамасы әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Төлеш