Өзбек боксшысы қарсыласын бір соққымен құлатты

Өзбек боксшысы қарсыласын бір соққымен құлатты
Фото: ©boxingscene.com

2020 жылғы Олимпиада чемпионы, өзбекстандық Баходир Джалолов (12-0, 12 КО) кәсіпқой бокстағы кезекті айқасын өткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

АҚШ-тың Карсон қаласында өткен айқаста ол америкалық Кертис Харпермен (14-9, 9 КО) жұдырықтасты.

Ауыр салмақтағы жекпе-жек он раундқа есептелген болатын, бірақ төртіншісінде аяқталды. Джалолов қарсыласын бір соққымен құлатты. Харпер аяққа тұрғанымен, төреші жекпе-жекті тоқтату туралы шешім шығарды. Кертис үшінші раундта да бір құлап алған болатын. 

Еске салайық, Джалолов 2019 жылы әлем чемпионы және үш рет (2017, 2019, 2021) Азия чемпионы атанған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Төлеш