ӘЧ-2022: Катар - Эквадор матчін қайдан көруге болады?

ӘЧ-2022: Катар - Эквадор матчін қайдан көруге болады?
Фото: Reuters

Футболдан әлем чемпионаты басталды. Алғашқы ойын Катар мен Эквадор арасында өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл матч елорда уақытымен 22:00-де басталады. Катар құрамасына бұл тарихи ойын болады, себебі команда алғаш рет әлем чемпионатында ойнайды. Ал Эквадор құрамасы осымен төртінші әлем чемпионатын бастайды.

Катар - Эквадор матчі "Әл-Байт" стадионында өтеді.

Ойынды Qazsport телеарнасы, qazsporttv.kz қосымшасынан көруге болады.

А тобының екінші матчі ертең өтеді, онда Сенегал - Нидерланды кездеседі.

Әлем чемпионатының кестесін мына сілтеме арқылы оқи аласыздар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Төлеш