Әлімханұлы - Бентли жекпе-жегін қайдан және қашан көруге болады?

Әлімханұлы - Бентли жекпе-жегін қайдан және қашан көруге болады?
Фото: twitter.com/qazaqstyle

Жексенбіде, 13 қарашада таңертең Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) мен ұлыбританиялық Дензел Бентли (17-1-1, 14 КО) арасындағы жекпе-жек өтеді,- деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Олардың жекпе-жегі "Хабар" телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі. Тікелей эфир Астана уақытымен 08:00-де басталады.

Еске салайық, бұған дейін орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 KO) және оның қарсыласы ұлыбританиялық Дензел Бентли (17-1-1, 14 KO) алғаш рет бетпе-бет келіп, көз арбасқанын хабарлаған едік.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек