Жәнібек Әлімханұлы қарсыласымен көз арбасты

Жәнібек Әлімханұлы қарсыласымен көз арбасты
Фото: twitter.com/qazaqstyle

Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 KO) және оның қарсыласы ұлыбританиялық Дензел Бентли (17-1-1, 14 KO) алғаш рет бетпе-бет келіп, көз арбасты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Титулды жекпе-жек 13 қарашада Лас-Вегаста өтеді. 12 раундқа есептелген бұл айқаста Жәнібекке тиесілі чемпиондық белбеу сарапқа салынады, бұл қазақстандықтың титулын алғаш қорғауы болмақ. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина