UFC турниріндегі басты жекпе-жек күтпеген жерден аяқталды

UFC турниріндегі басты жекпе-жек күтпеген жерден аяқталды
Фото: Instagram: amoldfa

Лас-Вегаста (АҚШ) UFC Vegas 63 аралас жекпе-жек турнирі өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл іс-шараның басты оқиғасы америкалық Келвин Катар мен ұлыбританиялық Арнольд Аллен арасындағы жекпе-жек болды.

Бірінші раундта Катар тізесінен жарақат алды. Ал екінші раундта америкалық әрі қарай жалғастыра алмағаны үшін жекпе-жек тоқтатылды. Осылайша, Аллен техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова