"Барселонаның" экс-футболшысы бірге ойнаған үздіктер қатарына Мессиді қоспады

"Барселонаның" экс-футболшысы бірге ойнаған үздіктер қатарына Мессиді қоспады
Фото: Vesti.kz

Испания құрамасы мен "Барселонаның" экс-жартылай қорғаушысы Андрес Иньеста TyC Sports арнасына берген сұхбатында әр жылдары өзімен бірге ойнаған үздік 5 ойыншыны атады, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Өмірімде осы 5 ойыншымен ойнаған ұнайтын. Олар: Хави, Неймар, Самуэль Это'О, Серхио Бускетс және Хуан Роман Рикельме", - деді Иньеста.

Бұл ойыншылармен Андрес "Барселонада" 2002-2018 жылдары ойнаған. Олардың қатарында Месси жоқ.

Бір қызығы, аргентиналық Хуан Роман Рикельме каталондық клубта тек 1 жыл ойнаса, Иньеста мен Месси бір клубта 15 жыл өнер көрсетті.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек