Махачев пен Оливейраның жекпе-жегі. UFC-дегі кездесуді қайдан, қашан көруге болады?

Махачев пен Оливейраның жекпе-жегі. UFC-дегі кездесуді қайдан, қашан көруге болады?
Фото: UFC

Бүгін Абу-Дабиде UFC 280 турнирі өтеді. Ал бұл жекпе-жек промоушен тарихындағы "ең ұлы оқиға" деп аталады, - деп хабарлайды Tengri Sport

12 жекпе-жектен тұратын супертурнир Астана уақыты бойынша сағат 20:30-да, ал басты жекпе-жек 23-іне қараған түні (00:00-де) басталады.

Жеңіл салмақтағы титулдық жекпе-жекте бразилиялық Чарльз Оливейра (33-8-0-1) мен ресейлік Ислам Махачев (22-1) кездеседі, ал жеңіл салмақтағы белбеу үшін Алджэмейн Стерлинг (21-3) Тиджей Диллашоуға (17-4) қарсы октагонға шығады.

Турнирді UFC Fight pass платформасына жазылып, көруге болады. UFC 280-ді тікелей эфирінде "Матч! Боец" арнасы да көрсетеді.

Басты жекпе-жекті "Матч ТВ" және Setanta Sports 1 телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова