"Нокаут". Қазақстандық файтер Octagon чемпионы атанды

"Нокаут". Қазақстандық файтер Octagon чемпионы атанды
Фото: Instagram/_kerim_93_11

Қазақстандық ММА файтері Керім Даидов (6-0) орта салмақтағы Octagon лига чемпионы атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Измитте (Түркия) өтіп жатқан Octagon 36 турнирінің басты жекпе-жегінде Дайдов өзбек файтері Абдуходир Абдуворисовпен (4-1) кездесті.

Бес раундқа жоспарланған жекпе-жек үшінші раундта қазақстандықтың техникалық нокаут жеңісімен аяқталды.

Дайдов орта салмақта (83,9 келіге дейін) Octagon лигасының чемпионы атанды. Абдуворисов карьерасында алғаш рет жеңілді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от OCTAGON (@octagonleague)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек