Жәнібек Әлімханұлы The Ring рейтингінде бір саты жоғары көтерілді

Жәнібек Әлімханұлы The Ring рейтингінде бір саты жоғары көтерілді
Фото: malim.kz

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы әлемдегі орта салмақтағы боксшылардың рейтингісінде бір саты көтеріліп, 6-шы орынға тұрақтады. Ал бірінші орында – Геннадий Головкин тұр.

Беделді The Ring журналы орта салмақтағы боксшылардың жаңа рейтингісін жариялады.

Басылымның рейтингтік нұсқасында бірінші орында әлі IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин тұр. Тағы бір қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы 7-орыннан 6-орынға көтерілді.

The Ring нұсқасы бойынша орта салмақтағы топ-10 боксшы:

1. Геннадий Головкин (Қазақстан)

2. Джермалл Чарло (АҚШ)

3. Деметриус Андраде (АҚШ)

4. Хайме Мунгия (Мексика)

5. Риота Мурата (Жапония)

6. Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан)

7. Крис Юбэнк-кіші (Ұлыбритания)

8. Карлос Адамес (Доминикан)

9. Сергей Деревянченко (Украина)

10. Лиам Уильямс (Ұлыбритания)

Қ. Слямбек