Хави "Барселона" бапкері болып тағайындалды

Хави "Барселона" бапкері болып тағайындалды

Испаниялық маман Хавьер Эрнандес Креус (Хави) "Барселона" футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды. Бұл туралы клубтың Twitter-дегі парақшасында хабарланды.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, клубтың жаңа бапкерімен келісім 2024 жылдың жазына дейін жасалған. Хави демалыс күндері Барселонаға келеді деп күтілуде, ал клуб 8 қарашада баспасөз мәслихатын өткізеді.

28 қазанда Испания чемпионатында "Райо Вальеканоға" қарсы матчта "Барселона" жеңіліп қалды. Осы ойыннан кейін "Барселонаның" бас бапкер Куман қызметінен босатылды. Кейіннен клуб Хавиге қызығушылық таныта бастады.

Хави мансабының көп бөлігін жартылай қорғаушы ретінде "Барселонада" ойнады. Ол Испания чемпионатында сегіз рет және Чемпиондар лигасының кубогын төрт рет жеңіп алды. Футболшы каталониялықтардың сапында 505 ойын өткізіп, 58 гол соққан.

Хави Катар чемпионатында бірінші орында келе жатқан "Аль-Садд" клубының бас бапкері еді.

Т. Раушанұлы