Махмұд Сабырхан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсірді

Махмұд Сабырхан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсірді

54 килоға дейінгі салмақта жұдырықтасатын қазақ боксшысы Махмұд Сабырхан Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында жапон спортшысы Томоя Цобойдан жеңіліп, күмісті қанағат тұтты.

Бірінші раундта екі боксшы да ширақ қимылдап, бір-біріне соққы берді. Отандасымыз әр минутта өзін сенімді ұстап, басымдық танытты. 

Келесі раундта спортшылар ашық жекпе-жек өткізді. Екінші раунд қорытындысы бойынша жапон спортшысы жеңіп, таразы басын теңестіріп кетті.

Үшінші раунда жапон спортшысы тактикалық тұрғыдан сауаттылық танып басымдық танытты.

Осылай Томоя Цобой жапон тарихында тұңғыш әлем чемпионы атанды.

Айта кетерлігі, әлем чемпионатының финалында Қазақстан сапынан тағы 2 спортшы, атап айтқанда, Сәкен Бибосынов пен Серік Теміржанов бақ сынайды

Т. Раушанұлы