Роналду Чемпиондар лигасында рекорд жаңартты

Роналду Чемпиондар лигасында рекорд жаңартты

“Манчестер Юнайтед” шабуылшысы Криштиану Роналду Чемпиондар лигасында жаңа рекордын орнатты. Бұл туралы goal хабарлады.

Криштиану Роналду “Манчестер Юнайтедте” ең көп гол соғу бойынша қазіргі бапкерден басып озды. Роналду Чемпиондар лигасының 2021/22 маусым топтық кезеңінің 4-турында “Аталанта” (2-2) ойынында дубль авторы атанып, Италияда командасының ұпай алуына көмектесті.

Португалиялық шабуылшының өзі бұл нәтижені “сәттілік” деп атады, дегенмен статистика Роналдудың ойынында сәтті ештеңе жоқ екенін көрсетеді.

“Бүгін қиын матчты бастан өткердік, Бергамода ойнаған кезде әрқашан қиын болатынын білемін, бірақ соңына дейін сендік, өте қуаныштымын. Біз ешқашан берілмей, соңына дейін сенеміз, бұл жақсы нәтиже. “Аталантаның” үлкен қысым жасайтынын білдік, олардың керемет бапкері бар. Мен "Ювентуста" ойнаған кезде осы клубқа қарсы ойнау әрқашан қиын еді. Бүгін біз сәтті ойнадық”, - деді Роналду.

Роналду “Манчестер Юнайтедтегі” мансабының екі кезеңінде 303 ойында 127 гол соқты.  Осылайша Сульшерден басып озды.

“Команда әлі де жетіле түсуі керек.Бізде әртүрлі ойыншылар мен тактика бар, бір-бірімізге бейімделуіміз керек, бірақ бұл уақытты қажет етеді. Әлі де жақсы ойнауға уақыт бар”, - деді футболшы.

Роналду бұған дейін “Ливерпульден” жеңілгеннен кейін жанкүйерлеріне үндеу жолдаған болатын.

Т. Раушанұлы