Ұлттар Лигасы:  Италия қола жүлдегер атанды

Ұлттар Лигасы:  Италия қола жүлдегер атанды

Ұлттар Лигасы 3 орынға таласта Бельгия Италияға есе жіберді. Тартысты өткен ойын 2:1 есебімен Италияның пайдасына шешілді.

Бірінші таймда есеп ашылған жоқ. Есесіне екінші таймды италиялықтар сәтті бастады. Ойынның 47 минутында Италия жартылай қорғаушысы Николо Барелла есепті ашты.

Осы голдан кейін Бельгия құрамасы бірнеше рет шабуыл жасады. Бірде доп қақпадан қиыс кетсе, бірде Доннарумманы қақпа бағанасы құтқарды. Қарсы шабуылдан пайдаланған италиялықтардың шабуылы нәтижелі болды. 65 минутта Берарди пенальтиден гол соғып, есепті еселеді.

86 минутта Шарль де Кетеларе есепті қысқартты.

Осылайша Италия Ұлттар Лигасының қола жүлдегері атанды.

Айта кетейік, бүгін финалда Испания мен Франция құрамасы кездеседі. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 00:45-те басталады. Жанкүйерлер финалды qazsport арнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.

Т. Раушанұлы