Усик Лондонда Джошуаны жеңді (видео)

Усик Лондонда Джошуаны жеңді (видео)

Ауыр салмақтағы WBA Super, WBO, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Энтони Джошуа  Александр Усиктен жеңіліп қалды.

Олардың жекпе-жегі Лондондағы (Ұлыбритания) Tottenham Hottspur аренасында өтті. Жекпе-жек жоспарланған 12 раундқа толық жалғасып, төрешілер шешімімен украиналық боксшы жеңіске жетті. Ол ауыр салмақтағы жаңа  чемпион атанды.

34 жастағы Усиктің есебінде кәсіпқой рингте 19 жеңіс (13 нокаут) бар. 31 жастағы Джошуа кәсіпқой рингте екінші рет (24 жеңіс, 22 нокаут) жеңілді.

Енді Усик екінші салмақ дәрежесінде абсолютті әлем чемпионы болу үшін Тайсон Фьюриге тиесілі WBC белбеуін жеңіп алуы керек, бірақ Джошуа реванш өткізуге құқылы.

А. Оралқызы