"Алматы марафон-2021" басталды

"Алматы марафон-2021" басталды

Оңтүстік астанада жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін Almaty Marathon-2021 басталды. Биыл марафонға порталымыздың құрылғанына 10 жыл толуына орай – Massaget.kz Stars және  Massaget.kz 10 жыл командалары қатысады.

Марафонның басталуы мен аяқталуы Сәтбаев көшесінің бойындағы Республика алаңында өтеді. Іс-шара 6:00 -де басталды.

Іс -шараның өткізілу уақыты:

Старт:

7.30 - 42.2 шақырым

7.40 - 21.1 шақырым

7.55 - 10 шақырым

8.10 - скандинавиялық жүгіріс, 10 шақырым

Марафон қашықтықтарының өту жерлерінде 25 қыркүйек сағат 6:00-ден 26 қыркүйек 18:00-ге дейін жолдардағы қозғалыс ішінара жабылады. Спортшылардың қашықтықтан өтулеріне сай жолдар ашылады.

Сөре орны Ресупблика алаңында болғандықтан, Сәтпаев көшесі 25 қыркүйек сағат 9:00-дан 26 қыркүйек 18:00-ге дейін Желтоқсан көшесінен Наразбаев даңғылына дейінгі жол қозғалысы толықтай жабылады.

Алматы жартылай марафонының ұйымдастырушылары: "Бірінші болу – батылдық" корпоративтік қоры, "World Class Almaty" фитнес-клубы, академик Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры және #Сеніңжаңақырың мультиспорттық Youtube-арнасы.

А. Оралқызы