"Қайраттың" еуропалық клубтар арасындағы рейтингі белгілі болды

"Қайраттың" еуропалық клубтар арасындағы рейтингі белгілі болды

Euro Club Index порталы Алматының "Қайратын" қосқан биылғы маусымдағы еурокубоктардың топтық кезеңінің барлық қатысушыларының рейтингін жариялады.

Еске салсақ, "Қайрат" тарихта тұңғыш рет еуропалық жарыстардың топтық кезеңіне – УЕФА Конференция Лигасына шықты. Бұл рейтингте алматылық клуб 96 команданың ішінде 89-орынға табан тіреген.

Конференция Лигасы тобындағы "сары-қаралардың" қарсыластары мынадай орындарды иеленді: швейцариялық "Базель" – 60-орын, кипрлік "Омония" – 86-орын, әзірбайжандық "Қарабақ" – 88-орынға ие болды.

Еуропалық жарыстардың топтық кезеңіне қатысушылардың рейтингі:

1. "Бавария" (Германия)
2. "Манчестер Сити" (Англия)
3. "Барселона" (Испания)
4. "Реал Мадрид" (Испания)
5. "Ливерпуль" (Англия)
6. "Челси" (Англия)
7. "Атлетико Мадрид" (Испания)
8. "ПСЖ" (Франция)
...
86. "Омония" (Кипр)
87. "Шериф" (Молдова)
88. "Қарабақ" (Әзірбайжан)
89. "Қайрат" (Қазақстан)
90. "Анортоз" (Кипр)
95. "Алашкерт" (Армения)
96. "Линкольн Ред Импс" (Гибралтар)

Т. Раушанұлы