Роналду ресми түрде "Манчестер Юнайтедке" қайта оралды

Роналду ресми түрде "Манчестер Юнайтедке" қайта оралды

"Манчестер Юнайтед" Португалия мен "Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналдумен келісімшартқа отырғанын ресми түрде мәлімдеді. 

Келісімнің қаржылық шарттары мен мерзімі әлі жарияланған жоқ. Шамамен трансфер құны 25 млн еуро, келісімшарт 2023 жылға дейін деген дерек бар.

"Клубтың барлық мүшелері Криштианумен Манчестерде кездесуге асыға күтеді", - делінген клубтың сайтында.

Еске салайық, Роналду 2003-2009 жылдар аралығында "Манчестер Юнайтед" сапында ойнаған. "Қызыл сойқандар" сапында ол 292 ойынында 118 гол соқты, содан кейін "Реал Мадридке" ауысты.

"Манчестер Юнайтедпен" Роналду үш рет Премьер -Лиганы, бір рет Чемпиондар Лигасын, Англия Кубогын т.б жеңіп алды.

Т. Раушанұлы