Ануар Сариев Токиодағы Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері

Ануар Сариев Токиодағы Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері

Қазақстандық дзюдошы Ануар Сариев Токиодағы Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды.

60 келіге дейінгі салмақ дәржесінде белдескен ол финалда әзірбайжандық Вугар Ширинлиге есе жіберді. Екеуара белдесу өте тартысты өтіп, вазари ұпайларын еншіледі. Негізі уақыт аяқталуға 40 секунд қалғанда әзірбайжандық балуан әдіс жасап, екінші вазари ұпайын еншіледі.

Айта кетейік, Токиода өтіп жатқан параолимпиада бұл Қазақстан қоржына түскен екінші медаль. Бұған дейін отандасымыз Давид Дегтярев чемпион атанды. Ол пауэрлифтингтен 54 килоға дейінгі салмақта үздік шықты.

Т. Раушанұлы