Мемфис Депай "Барселона" ойыншысы атанды

Мемфис Депай "Барселона" ойыншысы атанды

Нидерланд ұлттық құрамасының шабуылшысы Мемфис Депай "Барселона" футбол клубының ойыншысы атанды. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады.

Команда жаңа ойыншысын Нидерланд құрамасы Еуропа чемпионатын аяқтағаннан кейін таныстырады. Ойыншы каталондық клубқа еркін агент ретінде ауысып келді.

Мемфис Депай осыған дейін Францияның "Лион" клубында ойнап келді. 2020/2021 жылғы маусымда 36 ойынға шығып, 20 гол соққан. 10 нәтижелі пас берген.

Шабуылшы "Лионға" дейін "Манчестер Юнайтед" (2015-2017) және ПСВ (2012-2015) клубтарында доп тепкен. 2013 жылдан бері Нидерланд құрамасына шақырту алып келеді.