Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған турнир өтеді

Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған турнир өтеді
Фото: kaztag.kz

7-9 мамыр күндері Нұр-Сұлтан қаласында грек-рим күресінен Олимпиада және әлем чемпионы, Қазақстанның Еңбек ері Жақсылық Үшкемпіровты еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді.

Балуандар бәсекесі Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді деп жоспарланған. 

Халықаралық бәсекеге Грузиядан – 26, Тәжікстаннан – 11, Қырғызстаннан – 21, Ресейден – 7, Өзбекстаннан 15 балуан қатысады деп күтілуде. 

Н. Үсенова