UEFA президенті Суперлиганы қолдайтын команда ойыншыларына қатаң талап қойды

UEFA президенті Суперлиганы қолдайтын команда ойыншыларына қатаң талап қойды

Еуропада футболдан жаңа турнир өткізу жобасы қолға алынуда. Өзгеше жүйедегі Суперлига жарысы кәрі құрлықтың ең үздік командалары қолдаса, Еуропалық футбол қауымдастықтары Одағы (UEFA) мен футбол федерациялары қарсы болуда.

UEFA президенті Александер Чеферин Суперлигада ойнайтын футболшыларға қатаң талап қоятынын айтты. Сондай-ақ жаңа жүйедегі жарысқа қатысатын командалар Чемпиондар лигасы және Еуропа лигасынан шеттетіледі.

Суперлигада ойнайтын футболшылар әлем чемпионаты мен Еуропа чемпионатына қатыспайды. Олардың ұлттық құрамада ойнауына тыйым салынады, - деді UEFA басшысы.

Айта кетейік, күні кеше Еуропаның 12 белді командасы Суперлига жарысы басталатынын хабарлаған еді. Осыған байланысты Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының ойындары кейінге шегерілді.

Н. Үсенова