Азия чемпионаты. Айдос – алтын, Алмат күміс медаль еншіледі

Азия чемпионаты. Айдос – алтын, Алмат күміс медаль еншіледі
Фото: olympic.kz

Күрес түрлерінен Алматыда өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына екі медаль түсті. Грек-рим күресінен 60 килоға дейінгі салмақта Айдос Сұлтанғали Азия чемпионы атанса, 67 килоға дейінгі салмақта Алмат Кебіспаев күміс жүлдені қанағат тұтты.

Айдос Сұлтанғали финалда Ираннан келген Мехди Нижадты 8:4 есебімен айқын жеңіп, Азияның алды болды. Ал оған дейін Оңтүстік Корея және Ирактан келген балуандарды жеңген еді.


olympic.kz

Алмат Кебіспаев финалда жапон балуаны Шимоямадамен кездесті. Тартысты белдесудің бірінші кезеңінде Кебіспаев 7:0 есебімен алда тұрды. Алайда екінші кезеңде күш алған қарсыласы бірнеше рет сәтті әдістер жасап, 12:5 есебімен жеңіске бастар жолды тауып кетті.

Айта кетейік, кеше 63 килоға дейінгі салмақта Сұлтан Әсетұлы Азия чемпионы атанған болатын. 130 кило салмақта Әлімхан Сыздықов – күміс, Демеу Жадыраев (77 кило) қола медаль еншілеген-ді.

Н. Үсенова