Қуат Хамитов қарсыласын 51 секундта жеңді (видео)

Қуат Хамитов қарсыласын 51 секундта жеңді (видео)
Фото: vesti.kz

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов Ресейде өткен AMC Fight Nights Global турниріндегі жекпе-жегінде жеңіске жетті.

"Найман" лақап атымен танымал спортшы ресейлік Максим Пантелеевке қарсы жұдырықтасты. Қарсыласын бірінші раундтың бірінші минутында-ақ жеңіп шықты. 

Қуат Хамитов бастапқыда ресейлік өзге спортшы Алексей Ильенкомен жекпе-жекке шығуы керек болған. Алайда соңғы сәтте қарсыласы ауысқаны белгілі болды.  

Қазақстандық спортшы мансабындағы 20-шы жеңісіне қол жеткізді.

А. Рысдәулет