Dream Crazier: Спортшы әйелдер туралы әсерлі мотивациялық видео

Dream Crazier: Спортшы әйелдер туралы әсерлі мотивациялық видео
Фото: vk.com

Nike компаниясы YouTube әлеуметтік желісіне Dream Crazier аталатын видео жүктеді. Онда спортшы әйелдер өмірінің әсерлі сәттері көрсетілген.

Нәзік жанды жаратылыс бола тұра, әйелдерге қатысты қалыптасқан стереотиптерге қарсы шығып, спорт шыңын бағындырғандар жөнінде әңгімелейтін видео бірден мотивациялық парақшалардың бетіне қаулап кетті. 1 күнде 5 миллионнан астам көрілім жинады.

Бұл роликте 4 мәрте Олимпиада Чемпионы, гимнаст Симона Байлз, семсерлесуден Әлем Чемпионы Ибтихадж Мухаммад, Олимпиада Чемпионы, сноубордшы Хлоя Ким, футболдан АҚШ ұлттық құрамасы мүшелері мен теннистен 4 мәрте Олимпиада Чемпионы Серена Уильямс көрсетілген.

"Егер адамдар сенің армандарыңды тым ессіз десе, ессіз арманның қайда жеткізетінін көрсет оларға,"- дейді Серена төмендегі роликте.

А. Оралқызы