- Негізгі бет
- LifeStyle
- Іштегі майдан арылу...
Іштегі майдан арылу үшін шайға мына өнімдерді қосыңыз
Адамда артық салмақ болса, ол оның өміріне айтарлықтай әсер береді. Біріншіден, өзіңізге көңіліңіз толмауы мүмкін. Бұл өз-өзіңізді бағалауыңыздың түсіп кетуіне әкелуі мүмкін. Екіншіден, семіздік денсаулыққа қатысты түрлі проблемалардың пайда болуын ынталандыруы мүмкін. Мысалы, екінші типті қант диабетінің даму қаупі артады, жүрек, қан тамырлар, буындар қиналады және адамды апноэ мазалауы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Доктор Питер" порталына сілтеме жасап.
Артық салмақтан арылу үшін өзіңізді қатаң диеталармен қинаудың қажеті жоқ. Себебі олардың әсері қысқа мерзімді болады, одан соң үйреншікті тамақтану режиміне оралған кезде қайтадан салмақ қосып аласыз. Тиімді арықтауға мыналар қажет:
- Дұрыс ұйқы;
- Жүйелі түрдегі физикалық жүктемелер;
- Тағамдық әдеттерді өзгерту.
Сондай-ақ кей қулықтар жайлы ұмытпаңыз. Мысалы, арықтау процесін жылдамдатуға көмектесетін өнімдер бар.
Даршын
Даршында қабынуға қарсы қасиетке ие және қандағы қант деңгейін тұрақтандыруға көмектесетін антиоксиданттар бар. Сондай-ақ даршын – арықтағысы келетін адамдарға жақсы дәмдеуіш. Бұл дәмдеуішті оның хош иісі үшін де мақтайды: ол тәбетті баса алады. Сондықтан кофеңізге аздап даршын қосыңыз, бұл сіздің пайдалы әдетіңіз болсын.
Кардамон
Кардамон майды жақсы жағады. Ол холестеринді ыдыратып, ағзадан шығара алады. Сондай-ақ ол иммунитетті арттырады.
Кардамонда кальций, фосфор, темір, магний және мырыш бар. Оны асқорытуды қалыпқа келтіру үшін және зат алмасуды жақсарту үшін қолдануды ұсынады. Сол үшін кардамонды шайға қосуға болады.
Лимон
Лимонды тек шайға емес, кофеге де қосуға болады. Мысалы, лимон қосылған кофе ішсеңіз, ол асқорытуды жақсартады және зат алмасуды жылдамдатады.
Кокос майы
Бұл көпшілік үшін үйреншіксіз өнім және оны сусындарға қоса бермейді. Алайда кокос майының ерекше хош иісі мен дәмі кофені дәмді етеді. Сондай-ақ кокос өзінің майды жағуға ықпал ететін термогенді қабілеттерімен белгілі.
Оқи отырыңыз: Суық мерзімде артық салмақ қосып алмас үшін...
А. Жапатова