"МузАрт" тобының мүшесі, танымал әнші Сәкен Майғазиев "Парасат" орденімен марапатталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.
"Президентіміздің жарлығымен Мейрамбек екеумізді "Парасат" орденімен, Кенжебекті "Құрмет" орденімен марапаттады! Ұсынылған марапат ел игілігіне баянды болғай! Күллі қазақ халқына мың алғыс!" - деп жазды әнші.
Желі қолданушылары өнер иесін жаппай құттықтап жатыр:
"Абырой-беделдеріңіз арта берсін, МузАрт қырандары!", "Марапатқа әбден лайық МузАрт", "Құтты болсын!", "Беделдеріңіз арта берсін, еңбектеріңіз бағалана берсін".
Еске салайық, жуырда Мейрамбек Бесбаев та "Парасат" орденімен марапатталғаны хабарланды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!