"МузАрт" тобының мүшесі, танымал әнші Мейрамбек Бесбаев "Парасат" орденімен марапатталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы әнші Сәкен Майғазиев әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлап, жұрттан сүйінші сұрады. Марапатты премьер-министрдің орынбасары - мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева табыстаған.
"Сүйінші, қазақ елі! Мейрамбек досым "Парасат" орденімен марапатталды! Қазақ өнеріне бергенің де, берерің де көп. Абыройың асқақтай берсін. Ақ жүрегіммен қуаныштымын, досым! Жаса, қазақ өнері!" - деп жазды ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Желі қолданушылары өнер иесін жаппай құттықтап жатыр:
"Құтты болсын! Марапатқа лайықсыз!", "Атақ өз иесін тапты", "Өте лайық", "Құтты болсын!".
Еске салайық, 21 мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жезтаңдай әнші, Қазақстанның Халық әртісі Мақпал Жүнісоваға екінші дәрежелі "Барыс" орденін табыстаған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова