Онколог және медициналық ғылымдар кандидаты Евгений Черемушкин NEWS.ru-ге қиын емделетін аурулардың бірі - бауыр қатерлі ісігінің күтпеген белгілерін атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маманның айтуынша, оның мүмкін белгілеріне іштің кебуі мен жүрек айну жатады. Сондай-ақ, егер ісік өт жолдарында орналасқан болса, өттің қозғалуы бұзылғандықтан, адамда сарғыштық пайда болуы мүмкін.
Одан басқа мүмкін белгілерге анемия, тәбеттің жоғалуы және дене массасының азаюы жатады. Алайда бұларға бауырында үлкен түзілімдері бар науқас шағымданады.
Онколог науқас уақытылы емделмесе, өмір ұзақтығы бірнеше жылдан аспайтынын, сондықтан маманға қаралу маңызды екенін ескертті. Ол бауыр қатерлі ісігі іш қуысын жоспарлы УДЗ-ға түсіру кезінде анықталатынын айтты.
Еске салайық, бұған дейін хирург қатерлі ісіктің алдын алуға және денсаулықты сақтауға көмектесетін 5 кеңес бергенін жазған болатынбыз.