“Өмірдің барлық сәтсіздіктерін бақытсыздық деп кім айтты саған?“ Қаралы жұрт желіде Шахановтың жырларын бөлісіп жатыр

“Өмірдің барлық сәтсіздіктерін бақытсыздық деп кім айтты саған?“ Қаралы жұрт желіде Шахановтың жырларын бөлісіп жатыр
Фото: Видео кадры

19 сәуірде Қазақстанның Халық жазушысы, Еңбек Ері, көрнекті ақын, драматург, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов 84 жасқа қараған шағында дүниеден озды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қаралы жұрт әлеуметтік желіде ақынның өзі оқыған отты жырларын бөлісіп жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от TengriNews | Новости Казахстана (@tengrinewskz)

Желі қолданушылары Мұхтар Шахановтың жақындарына қайғыра көңіл айтты:

"Уақыт алыптарды алып кетеді… Бірақ Мұхтар Шаханов ағамыздың еліне деген махаббаты мен еңбегі мәңгі қалады. Жаны жәннатта болсын", "Өлеңнің сөзі сүйектен өтеді", "Мұхтар Шаханов сияқты ешкім өлең жаза алмады", "Иә, бұл - үлкен қаза… Мұхтар Шаханов қазақ халқының руханиятында ерекше орны бар, ұлттың намысын, тілін, тарихын қорғап өткен қайсар тұлға еді".

Мұхтар Шаханов 1942 жылы 2 шілдеде Түркістан облысы Төле би ауданы Қасқасу ауылында дүниеге келген. Ол - ақын, драматург, қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері (2022 ж.), Қазақстанның Халық жазушысы (1996 ж.), Қырғыз Республикасының Халық ақыны (1994 ж.).

Еске салайық, марқұмның жаназасы 21 сәуірде сағат 9:00-де Алматыда Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрынан шығарылады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget