Көптеген адам кофеге сүт қосып ішеді, бірақ бұл дұрыс емес. Мұның себебін нейробиолог Роберт Лав түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Егер кофенің барлық пайдасын сіңіргіңіз келсе, ешқашан кофеге сүт өнімдерін қосып ішпеңіз. Әрине сүт пен кілегей кофемен жақсы үйлеседі. Бірақ сүт өнімдерін кофеге қосқан кезде оның пайдасы айтарлықтай азаяды", - деді Роберт Лав.
Кофе полифенолдардың тамаша көзі. Ол кейбір қатерлі ісіктердің, жүрек-қан тамырлары ауруларының, қант диабетінің және нейродегенеративті аурулардың дамуынан қорғайтын қосылыс. Кофеге сүт немесе кілегей қосқанда, ақуыз кофедегі полифенолдармен байланысып, олардың ағзада сіңуін тежейді, салдарынан олардың бірегей антиоксиданттық қасиетінің пайдасы азаяды.
Айта кетейік, бұған дейін дәрігер кофенің ағзаға зияны тимеу үшін қалай және қашан ішу керегін түсіндіргені хабарланған болатын.
Таңғы ас ішкенде кофені тамақпен бірге ішудің қажеті жоқ. Бұл тағамның құрамындағы макро және микроэлементтерді ассимиляциялау процесін бұзуы мүмкін.
"Кофенің құрамында металдарды біріктіретін және олардың қалыпты сіңуіне жол бермейтін хелаттар бар. Егер кофені тамақпен бірге ішсеңіз, мырыш, темір, магний ағзада азаяды. Тамақ ішкеннен кейін 30 минут күткен дұрыс", - деп кеңес берді Наталья Нефедова.
Сондай-ақ, кофе ағзадан кальцийді кетіреді. Диетологтың айтуынша, сүт өнімдері шығынның орнын толтыруға көмектеседі.
"Кофе кальцийді жояды, 200 миллиграмм кофеин шамамен 12 миллиграмм кальцийді жояды – бұл шамамен бір кесе кофе. Сондықтан сүт қосылған кофе ішкен дұрыс. Өсімдік сүті де жарайды, бірақ қантсыз болу керек", - дейді диетолог.
Тағы да оқи отырыңыздар: Жиілігі 510 Гц дыбыс көзінен толқын ауада 340 м/с жылдамдықпен таралады. Толқынның ұзындығын табыңыз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!