Наннан бас тартса, ағзада қандай өзгерістер болады?

Соңғы кездері көпшілік нанның және басқа да ұнды өнімдердің зияны жайлы жиі айтады. Алайда бұл мұндай пісірмелерден мүлдем бас тарту керек деген сөз емес. Тұтас дәнді және қара нан ағзаға пайдалы. Ал ақ нан шынымен де ағзаға жағымсыз әсер етеді. Рационыңыздан ақ нанды алып тастасаңыз, ағзаңыздан қандай  өзгерістер байқайсыз?

Арықтайсыз

Ақ нан калориялы өнімге жатады. Оның энергетикалық құндылығы 100 г өнімге 200-ден 300 ккал-ға дейін өзгереді. Оның ішінде шамамен 2г ғана жасұнық, ал қалғандары ішке, бөксеге май болып жиналады. Оған қоса, нанның гликемиялық индексі жоғары. Яғни оны жегеннен кейін аз уақыттан соң қарныңыз қайтадан ашады.

Теріңіздегі бөртпе кетеді

Тері жағдайы көбіне рационға байланысты: бөртпелер дұрыс емес тамақтану себебінен пайда болуы мүмкін. Безеу ағзаның ақ нан құрамындағы ұнның дәнмаңызына реакциясы болуы мүмкін. Бөртпе әдетте бетке шығады, сондықтан косметологқа барар алдында бірінші рационыңызды өзгертіп көріңіз. Ақ нан мен ұнды өнімдерден бас тартсаңыз, бетіңіз тазаруы мүмкін.

Асқорыту жақсарады

Глютен артық болса, асқорыту жүйесі проблемалары туындауы мүмкін. Себебі глютен ішектегі жасушалардың тұтастығын бұзады. Біздің ағзамыз үшін маңызды элемент – тағамдық жасұнық. Ол ақ нанда болмайды, жасұнықтың көп мөлшері тұтасдәнді нанда болады.

Энергияңыз көбейеді

Ақ наннан бас тартып, рационға көбірек жемістер мен көкөністер қоссаңыз, энергия көбейгенін байқайсыз. Сондай-ақ рационға түрлі жармалар қосыңыз: олар ағзаның жалпы жағдайын ретке келтіруге көмектеседі. Оған қоса, мұндай өзгерістер ми жұмысына да жағымды әсер етіп, есте сақтау қабілетіңіз жақсарады.

Тәуелділіктен арыласыз

Тәтті және зиянды тамақтарға ғана емес, ақ нанға да тәуелділік туындайды. Оны жеген кезде қанға көп мөлшерде қант түседі, кейін содан инсулин гормоны шығады. Егер бір тілім нан жесеңіз, аз уақыттан соң тағы біреуін жегіңіз келеді. Содан соң тағы іздейсіз.

Жастықты ұзартасыз

Егер нанның құрамын зерттесеңіз, онда ешқандай қоректік заттар жоқ екенін байқайсыз. Құрамында ешқандай дәрумені жоқ ұнды өнімді жеу арқылы ағза жас болып қала алмайды.

Бір апта ет жемесе не болады?