- Негізгі бет
- LifeStyle
- Ми сау болуы...
Ми сау болуы үшін түнде неше сағат ұйықтау керек? Ғалымдар жауабы сізді таңғалдырады
Әдетте ересектерге түнде 7-8 сағаттан аз ұйықтамау ұсынылады. Аз ұйықтау когнитивті денсаулыққа жағымсыз әсер етеді және деменция қаупін арттырады деп саналады. Осы орайда, ғалымдар ұйқы ұзақтығы мен ми саулығы арасында себеп-салдарлы байланыс бар ма екенін анықтауды шешеді. Ол үшін олар 20-89 жас аралығындағы 47 мың ер адам мен әйел миының МРТ мәліметтерін зерттеп, оны олардың түнгі ұйқысының ұзақтығымен салыстырады.
Нәтижесінде олар ұйқы ұзақтығы мен ми семуінің (атрофия) арасында байланыс бар екеніне дәлел таппайды. Алайда ғалымдар оптималды деп 6,5 сағаттық түнгі ұйқыны санауға болады деген шешімге келеді. Бұл жағдайда қатысушыларда ми қабы асты құрылымының миксималды көлемі белгіленген. Зерттеу нәтижелері Nature Human Behaviour журналында жарияланған.
"Маңызды ескерту: бұл жерде әр адамның өзіне тән ұйқы ерекшеліктері бар екенін ұмытпау керек. Мысалы, генетикалық айырмашылық және алдыңғы ұйқы анамнезіне байланысты өзгешеліктер болады. Егер адамның ұйқы режимінен ауытқуы оның миының саулығының нашарлауына әкелсе, бұл топтық анализде анықталмауы мүмкін. Сондықтан біз зерттеу нәтижесіне қарап, адамдардың барлығы 6,5 сағат ұйықтау керек деп айта алмаймыз", - деп ескертті зерттеушілер.
Десе де, бұл жұмыстың авторлары зерттеуден алынған 6,5 сағаттық норма жақында өткен 1 миллионнан аса қатысушысы бар анализ мәліметтерімен ұқсайтынын айтты. 700 мың қатысушысы бар бір зерттеу 7 сағаттық ұйқы кеңістік навигация тапсырмаларын шешудің ең жоғарғы өнімділігімен байланысты екенін анықтады. Ал 400 мың адам қатысқан басқа зерттеу 7 сағат ұйықтайтын адамдарда деменция қаупі өте төмен екенін анықтады.
"Осылайша, бұл мәліметтер соматикалық денсаулық пен ми саулығы шамамен 7 сағаттық ұйқымен байланысты екенін көрсетеді", - деп қорытындылады ғалымдар.
Оқи отырыңыз: Мидың қартаюын баяулатудың қарапайым 5 жолы
А. Жапатова