Мәдина Сәдуақасова ата-анасымен бірге демалысқа аттанды

Танымал әнші Мәдина Сәдуақасова ата-анасы және балаларымен шетелде демалыста жүр. Өнер иесі бұл жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әншінің айтуынша, ата-анасы демалуға Тайландқа алғаш рет барды.

"Ата-анамды алып, шетелге демалысқа. Ата-анам ол елге бірінші рет барайын деп тұр", - деп жазған ол.

Бірнеше сағаттан кейін әнші Тайландқа аман-есен жеткенін жазды.

"Аман-есен жеттік. Екі нөмір бір-бірімен қосылған, ортасында есігі бар. Бәрі ойдағыдай күшті болып жатыр", - дейді әнші. 

Айта кетейік, бұған дейін "Өзгерістер қайнап жатыр". Әнші Мәдина Сәдуақасова шығармашылығындағы жаңалығын бөліскені хабарланған болатын. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Логопед болу үшін ҰБТ-да таңдау пәні қандай?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!