Әкемтеатрда "Сүйікті менің ағатайым" қойылымының премьерасы өтеді

Әкемтеатрда "Сүйікті менің ағатайым" қойылымының премьерасы өтеді
Фото: Әуезов театры

2019 жылдың 24, 25, 26–қаңтарында Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында жаңа қойылымның тұсаукесері өтпек. 93-ші театр маусымының кезекті  премьерасы – Әбіш Кекілбаевтың аудармасындағы А.П.Чеховтың "Сүйікті менің ағатайым" драмасы.

Қойылымның қоюшы режиссері – Қазақстанның  еңбек сіңірген қайраткері, РҺD докторы А. Маемиров, ал қоюшы суретші –Т. Охикян (Грузия).

Қойылым туралы: Өзектілігі қашан да жоғары туынды. Қойылымда ғасырлар тоғысындағы рухани катаклизмдер, бұрыңғы өткен өмірсалт пен жаңа өмірсалттың қайшылықтары, қоғам идеал- мұраттарындағы өзгерістер терең психологиялық көркем зердеден өтеді. 

Кейіпкерлерінің әсіресе, Иван Войницкийдің тағдыры - жалған немесе күні өткен идеалдардың соңында жүрген және тіпті осынысын мақтан тұтып келген, әлі де тұтып жүрген бүтін бір ұрпақтың тағдыры. «Сүйікті менің ағатайымның» жаңаша көркемдік танымдағы бұл екінші қойылымы қазақы қоғам мұраттарының да озығы мен тозығын зерделеуге бастайтыны  анық.

Аталмыш қойылымның ерекшелігі – жұлдызды актерлік құрамда. Сахнада елімізге танымал Ғазиза Әбдінабиева, Төлеубек Аралбай, Бахтияр Қожа, Азамат Сатыбалды, Берік Айтжанов, Салтанат Бақаева, Зарина Кармен, Асан Қырқабақов. 

А. Оралқызы