Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Театр / "Театр көктемінде" көрерменге қандай қойылымдар ұсынылмақ?

"Театр көктемінде" көрерменге қандай қойылымдар ұсынылмақ?

"Театр көктемі - 2017" фестивалі биыл КСРО және Қазақстанның халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Хадиша Бөкееваның 100 жылдығына арналады. 18 наурыз күні М.Әуезов театрында актрисаны еске алу кеші өтеді. Бүгін басталған шараға қарашаңырақ ұжымы сақадай сай. "Театр көктемінде" өнерсүйер қауым назарына ұсынылатын қойылымдар аңдатпасын назарларыңызға ұсынамыз, оқырман!

1. Ғ.Мүсірепов «Ақан сері-Ақтоқты» (трагедия). Қазақ ән өнерінің ақиығы Ақан серінің өмірінен жазылған Ғ.Мүсіреповтың бұл пьесасы қазақ драматургиясының классикасы. Қойылым Ақан сері мен Ақтоқты арасындағы махаббат желісіне құрылған. Спектакльде ескі мен жаңаның тартысы, махаббат үшін күрес, өткен замандағы өнер адамының бейнесі жан-жақты көрініс табады.

2. М.Омарова «Ақтастағы Ахико» (драма). Бұл - театрдың Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнайы жасаған қойылым. Спектакль 15 жасында жазықсыз сотталып, КарЛАГ түзету лагеріне түскен Ахико Тецуро атты жапон азаматының қиын да күрделі тағдырын арқау еткен. Қойылымда Ахико бейнесі арқылы ХХ ғасырдың орта шенінде нақақ сотталған Алаш азаматтарының  және қазақ халқының кең мінезі мен бауырмалдығы да көрініс тапқан.

3. Р.Куни «Мани-Мани» (комедия). Әйгілі ағылшын драматургі Рей Кунидің күлкімен көмкерілген «Мани-Мани» пьесасы ғайыптан тайып метродан табылған бір чемодан ақшаның төңірегіндегі адамдардың әрекетімен өрбиді. Ақша үшін небір айла мен қулыққа барған кейіпкерлер көрерменін күлдіре отырып, ойландырады.

4. Қ.Мұраттың «Бақыт кілті» (драма). «Бақыт кілті» - қазіргі заман қойылымы. Қараусыз қалған алтын кенін игермекке бел байлап, кәсіпкерлікке бет бұрған Бауыржанның мақсатына жету жолындағы күресі, кедергілер арқылы спектакль мазмұны ашыла түседі. Сәтті таңдалған музыка, спектакль атмосферасын анық беретін декорация бәрі де көрерменін оқиға ішіне енгізеді. Әрі бұл спектакль Елбасының кәсіпкерлікті қолдау, жемқорлықпен күресу туралы бастамаларымен де үндес.

5. М.Омарова «Көмбе нанның дәмі» (драма, премьера). Қойылым түрлі тарихи жағдайда Қазақстанға жер аударылған ұлттардың тағдырын арқау еткен. Сол сұрқай замандағы адам тағдырын көрсете отырып, досқа құшағы ашық, мейірімі мен қайырымы мол қазақ халқының мәртебесін көтереді. Тарихты негіз еткен қойылымның айтар ойы - кешегі қиын күндер арқылы бүгінгі тыныштық пен берекенің нарқын білуге, бағалауға шақырады.

152 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Айымгүл Оралқызы
Фото: www.auezov-theatre.kz
Қосылған күні: 13 наурыз, 12:46
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев