Жаңа буын музыкасы

Талантты қазақстандық музыканттардың жаңа толқыны – Рахат-Би Әбдісағин, Азат Мәлік, Назым Сағынтай, Қалқаман Дүйсенбаев – олардың есімі шетелде кең танылған. Жас әншілердің қатысуымен 21 қазан күні «Астана Опера» театрының Камералық залында «Жастар шығармашылығы» концерті өтеді. 

Кеште елорда қонақтары мен тұрғындарына дарынды музыканттардың шығармашылығымен танысу ұсынылады. Рахат-Би Әбдісағиннің жасы небары 17, алайда ол 100 жуық шығарманың авторы атанып үлгерді. Қазақстандық композитор түрлі бағыттар мен стильдерде жұмыс жасайды. Ол Еуропаға өзін біртуар талант ретінде көрсете білді. Оның өзгеше тілде жазылған заманауи шығармалары үлкен танымалдылыққа ие. Алайда, біздің елімізде Р.Әбдісағин академиялық туындылардың авторы ретінде белгілі.

– Біздің қазіргі заманғы қазақстандық композиторлардың заманауи музыканың жаңа қырын ашып, осы стильде өздерін таба білгеніқатты қуантады. Көрерменді бұл шығармалардың мәнін түсініп, қызық үйлесім тапқан бояуларды тыңдап, музыкалық бейнелеу арқылы  шығарманың терең идеялық мазмұнын сезіну мүмкіндігі күтіп тұр, – дейді Маржан Жәкенова.

Кештің мазмұнды бағдарламасына Рахат-Би Әбдісағиннің Алмания, Венгрия, Австрия және тағы басқа елдердің көрерменін таң қалдырған шығармалары енгізілді. Виолончель мен фортепианоға арналған «Light at the end of tunnel». Ш.Айтматовтың аттас әңгімесі желісінде жазылған – фортепианоға арналған «Rondine Piangente» («Жыл құсының жылауы»). Сонымен қатар, украиндық пианиношы Дмитро Таванец фортепианоға арналған «Fantasia quasi una sonata» орындайды (соло).

Рахат-Би Әбдісағиннің музыкасын Александр Тараскин (флейта), Алмаз Тоқпанов (кларнет), Данияр Есімханов (фортепиано), Айдар Фазылов (вибрафон) орындайды. Фортепиано партиясында - Раушан Бескемпірова.

Концерттің әрбір шақырылған қатысушысы жас болса да, біраз жетістікке жетіп үлгерген. Мәселен, баритон Азат Мәлік таяуда ғана беделді байқау – Ева Мартонның II халықаралық опера орындаушылары конкурсының дипломанты және бірнеше арнайы сыйлық иегері атанды. Нәтижесінде әнші Ла Скала театры жанындағы Академияда шеберлік сабағынан, тәжірибеден өтеді және Венгрияның Мишколь қаласында өтетін Бартоктың опералық фестиваліне қатысады (2017- 2018 маусым). Болашағынан үлкен үміт күттіретін Назым Сағынтай сахнада алғаш рет өнер көрсетеді. Ол көптеген халықаралық байқаулардың жеңімпазы.  

Кештің тағы бір керемет қонағы Қалқаман Дүйсенбаев – талантты валторнашы, халықаралық байқаулардың жеңімпазы. Қазіргі уақытта П.Чайковский ат.Мәскеудің мемлекеттік консерваториясының 5 курс студенті.

– Валторна – өте күрделі аспап, және мықты валторнашылар некен-саяқ. Қалқаман Дүйсенбаев – солардың бірі. Ол валторнаға ынғайланған Р.Глиэрдің оркестр мен дауысқа арналған концертін орындайды. Валторна – жезді үрмелі аспап болса да, басқа жезді үрмелі аспаптармен салыстырғанда өте әуезді. Оның тембрі жұмсақ, виолончельдегідей сазды. Тыңдарман кештің бай бағдарламасын жоғары бағалайды деп сенемін, – дейді Маржан Жәкенова. 

Бөлісу: