Таңғажайып романс

Таңғажайып романс
Фото: Karla Nur

Алғашқы нотасынан-ақ тануға болатын, музыканттардың бірнеше буынын шыңдаған әуендер «Тартымды романс» концертінің бағдарламасына енгізілді. Еліктіріп әкететін кеш «Астана Опера» театрының Камералық залында өтеді.

– Әрбір романс терең сезімге толы ақпарат береді. Бұл музыка тыңдарманды мейірімділікке, қарым-қатынастағы тазалыққа тәрбиелеп, адамды лирикалық үйлесімділікке бағыттайды. Біздің концертімізге келген көрерменде міндетті түрде позитивті сезім пайда болады, олар жақсы көңіл-күйден қуат алады. Аталған кеште мен П.И.Чайковский, С.В.Рахманинов, М.И.Глинканың романстарын орындаймын,– дейді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Байғали Момбеков.

Сонымен қатар, Камералық залдың сахнасына талантты орындаушылар – «Астана Опера» театрының солистері – сопрано Елена Низамутдинова, меццо-сопрано Татьяна Вицинская, баритон Ескендір Әбжанов шығады. Романстың классикалық камералық нұсқасы фортепианоның (Раушан Бескемпірова) және гитараның (Әліби Асақаев) сүйемелдеуімен орындалады.

Кеш бағдарламасында А.Алябьев, А.Варламов, П.Булахов, А.Гурилев, Е.Фоминнің көне романстары, М.Глинка, Н.Римский-Корсаков, П.Чайковский тағы басқа орыс классиктерінің белгілі шығармалары, мұнымен қатар кинофильмдерден қазіргі заманғы романстар орындалады.

Оған қоса, аталған кеште көрерменге А.А.Дельвигтің сөзіне жазылған әйгілі «Бұлбұл» романсы ұсынылады. 1825 жылы жазылған музыканың танымал болғаны соншалықты, көпшілік оны халық музыкасы деп қабылдады. Романста сүйіктісінен айырылған сұлудың махаббаттан түңілгені және шабарман бұлбұл жайында айтылады, музыка сол кездердің ән жинақтарынан табуға болатын халық әнінің үлгісіне келеді.

Романста екі бөлек, алайда бір-біріне тең келетін керемет өнер түрлері – поэзия мен музыка үндескенін естеріңізге саламыз. Мұнда жасқа шектеу жоқ, оны жастардың мәдениетіне де, үлкен буын өкілдерінің мәдениетіне де жатқыза алмайсың. Романс бірде ертегіні, бірде драманы, енді бірде детективті (қатігез романс) еске салатындықтын, тыңдарман арасында үлкен сұранысқа ие.

Г. Берік