“Астана аруы – 2015″ байқауында тараздық бойжеткен жеңімпаз атанды (фото)

Қазақстанның елордасында «Астана аруы-2015» конкурсының финалы өтіп, сұлулар байқауының жеңімпазы анықталды.

Байқауда Тараз университеті заң факультетінің студенті Камила Темірова жеңімпаз атанды. Бану Қадырханова, Гауһар Жұмағатова және Виктория Алексеева вице-ару атанды.

Конкурс финалында «Астана аруы» атағына 20 үміткер қатысып, бақ сынады.

Дереккөз: Казинформ