Мүсірепов атындағы театрға 70 жыл толды

Мүсірепов атындағы театрға 70 жыл толды

27 наурыз Халықаралық театр күнінде Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының құрылғанына 70 жыл толуына орай мерейтойлық шаралардың алғашқысы ретінде баспасөз конференциясы өтеді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мерекелік іс-шараның мақсаты - театр өнерінің бүгінгі күндегі келелі мәселелері төңірегінде ой қозғай отырып, жас ұрпақ санасына киелі өнер ошағының тарихымен сусындату. Сонымен қатар, көрермендердің жыл бойы дауыс беруі нәтижесімен «Ең үздік актер», «Ең үздік актриса»,«Ең үздік ақпараттық қолдау көрсеткені үшін», «Жыл көрермені» номинациялары бойынша марапаттау рәсімі өткізіледі. Жүлделерді театрдың арнайы қонақтары - ЮНИСЕФ Ерікті елшісі, эстрада әншілері, БҰҰ қоғамдық ақпараттар департаменті директоры мен БАҚ өкілдері табыстайды. «Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамына және Халықаралық театр күніне арналған театр алаңында - концерттік бағдарлама, бұқаралық серуен, мерекелік дастархан, наурыз көже, қолөнер бұйымдарының көрмелері, балаларға арналған ұлттық ойын түрлерінен сайыстар өтеді», - дейді ұйымдастырушылар.

Еске салайық, шара 27 наурыз күні сағат 11.00-де Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының алдындағы алаңда басталады.

сурет: qazaq-alemi.kz

Е. Қайрахан