«Мүсірепов театрына 70 жыл» атты байқау жарияланды

«Мүсірепов театрына 70 жыл» атты байқау жарияланды

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік акаде­мия­лық балалар мен жас­өспірімдер театры үстіміздегі жылдың қазан айында құрылғанына 70 жыл толу мерейтойын атап өтпек.

Осыған орай мерейтойлық іс-шаралар аясында: 2015 жылдың 1 ақпаны мен 10 қазаны аралығында республикалық және аймақтық БАҚ беттерінде жарияланатын театрға қатысты жаңадан жазылған ма­қала­лар (эссе, очерк, т.б.) мен сарап­та­ма­лық-танымдық туындылар – портрет, сұх­баттар, театр саңлақтары жайында ес­­те­лік­­тер, т.б. жанрлардағы материалдарға «Мүсірепов театрына 70 жыл» атты жабық бәйге жариялайды. 

Бәйгенің шарттары: 
1. Бәйгеге республикалық электронды және өзге де БАҚ өкілдері қатыса алады. 
2. «Ғ.Мүсірепов театрына – 70 жыл» белгісімен БАҚ беттерінде жарияланған материал ғана Байқауға қатысты­ры­ла­ды. 
3. Театр тарапынан бекітілген Бәйге қорытындысын анықтайтын тарап жария­ланған материал жөнінде хабардар болуы үшін бәйгеге қатысушы жақ teatr_mus­re­pov@­mail.ru электронды поштасы арқылы, газет бетінде жарық көрген материал жөнінде сілтеме жолдауы тиіс.

Байқау 2015 жылдың 15 қазанында Қазылар алқасының шешімі бойынша қорытындыланады.

Бәйге жүлдегерлері: 
1. І орын – 200 000 (екі жүз мың) теңге;
2. ІІ орын – 150 000 (жүз елу мың) теңге;
3. ІІІ орын – 100 000 (жүз мың) теңге. 

Жеңімпаздар ақшалай сыйлықпен және арнайы дипломмен марапатталады. Марапаттау рәсімі театрдың 70-ші маусымы ашылатын күні салтанатты түрде тапсырылатын болады.
Байланыс тел: 8 (727) 2 73 22 48.

Ұйымдастыру алқасы

Сурет: teatr-musrepov.kz 

Ш. Талап