Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Тек сол адам...
Тек сол адам...

Автор: Әсел Асанова

Статус: Редактор

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Театр / "Тартюф" қойылымының тұсаукесері өтті

"Тартюф" қойылымының тұсаукесері өтті

М.Ю.Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс театрында әлемге әйгілі «Тартюф» қойылымының тұсаукесері өтті. «Тартюф» қойылымы жазушы Жан-Батист Мольердің ең танымал комедиясы. Бұл комедия әлемнің белді театр сахналарында қойылған.

«Тартюф» пьесасы үш мәрте редакциялық тексерістен өткен. Бірінші рет 1664 жылы «Тартюф немесе Екі жүзді жан» деген атаумен, екінші рет 1667 жылы «Суайт» деген атаумен, үшінші рет 1669 жылы «Тартюф немесе Суайт» деген атаумен тексерілген. Соңғы тексеріс дұрыс деп табылып, үшінші атауы қалдырылған.

Пьеса желісіндегі оқиға Париж қаласында, Оргон үйінде өтеді. Тартюф есімді азамат Үй қожайынының сеніміне кіреді. Екі жүзді әрі суайт Тартюфті үй иесі Оргон білімді, көзі ашық, көкірегі ояу азамат ретінде танып, оған ерекше құрмет көрсетеді. Адамның шынайы бейнесі мен бетпердесінің барын сезе бермейтін аңғал Оргон Тартюф бойынан еш жамандықты көрмейді. Тартюфтің қандай екенін Оргонға оның жұбайы, бала-шағасы және отбасының басқа да мүшелері айтқанның өзінде де, Оргон қонағына шаң жуытпайды. Тіпті, өз жеке меншігін Тартюфтың атына аударып, қызын оған күйеуге беруді ойластырады. Ал Тартюф болса, үй қожайына шынайы бейнесін көрсетуге асықпайды.

Басты кейіпкер Тартюф рөлін ҚР еңбек сіңірген әртісі Михаил Токарев ойнайды. Өзінің жас ерекшелігіне қарамастан, ол актерлік шеберлігінің арқасында жас айлакер бейнесін шынайы сомдай білді. Ал аңқау Оргон рөлін ҚР еңбек сіңірген әртісі Дмитрий Скирта сомдайды. Сондай-ақ, қойылымда Сергей Попов, Лариса Осипова, Ирина Лебсак, Татьяна Банченко, Ирина Кельблер, Антон Митнев, Камилла Ермекова т.с.с. театр әртістері бой көрсетеді.

Ескі шығарманы отандық сахнада режиссер Андрей Кизилов жаңғыртты. Оның басқа сахналардағы осы көрініске көз жүгіртпей, қойылымға жаңа дем бергенінен аңғаруға болады. Классикалық комедияда хип-хоп бағытының элементтері мен заманауи би қимылдары пайдаланылған. Қойылым кейіпкерлерінің киімдері көне стильде тігілген. Алайда, олардың шаш үлгілері қазіргі заманғы сәнмен жасалынған. Режиссер әр кейіпкердің мінезі мен болмысын оның шаш үлгісі арқылы көрсетуді көздеген.

17 ғасырда жазылған классикалық шығарма 21 ғасырда да өз өзектілігін жоғалтпады. Комедиялық жанрда жазылған пьеса қоғамдағы маңызды мәселелерді қозғайды. Бұл қойылым қай заман болмасын адамдар арасындағы қарым-қатынастың әр қилы болатындығын көрсетеді.

Суреттер: tl.kz, zakon.kz

923 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 15 мамыр 2012, 13:09
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...