«Астана Опера» театрында «Жаңажылдық серпантин» концерті өтеді

«Астана Опера» театрында «Жаңажылдық серпантин» концерті өтеді

2014 жылдың 13 қаңтарында «Астана Опера» театрының камералық залында «Belcanto» ("Тамаша ән салу") музыкалық салонының тұсауын кесетін, Ескі Жаңа жылға орайластырылған «Жаңажылдық серпантин» атты концерті өтеді.

Концертке «Астана Опера» театрының солисттері, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері: Жанат Шыбықпаев, Айгүл Ниязова, Сүндет Байғожин, Дина Хамзина, Гүлзат Дәуірбаева,  Жамиля Жарқымбаева, Маргарита Дворецкая және атақты баритон Азамат Жылтыркөзов, ҚР еңбек сіңірген әртістері: Жанат Бақтай, Ғалия Байғазинова, Халықаралық конкурстардың лауреаттары: Бейімбет Таңарықов, Ескендір Әбжанов, Салтанат Ахметова, Жұпар Ғабдуллина, Елена Ганжа қатысады.

Фортепиано партиясын Пианиношылар-сүйемелдеушілердің халықаралық конкурсының лауреаты (Болгария, Италия) – Р. Бескемпірова, халықаралық конкурстардың дипломанттары – Е. Сахно, Ж. Ахметова, Д. Үмбетәлиева, И. Кургузкина орындайды.   

Кеш бағдарламасын қазақ және орыс романстары ашады. Музыкалық кеңесші, Музыкалық салонды ашуды ұсынған Раушан Бескемпірова концерттің әдеби бөлімі Күміс ғасырдың поэзиясы мен қазіргі қазақ лирикасына арналғанын атап өтті. «Музыкалық салонның келесі концерттері белгілі бір тақырыпқа немесе Сегізінші наурыз, Наурыз, Жеңіс Күні сияқты нақты бір мерекеге орайластырылады», – дейді Бескемпірова Р.  

Бұл кеште көрермен назарына қазақтың, орыстың, испандық халық әндері, француздық шансон, М. Дунаевскийдің, И. Штраустың, Ж. Оффенбахтың опереттасынан үзінділері ұсынылады.

Концертті Маржан Жәкенова және Самат  Жарылқасынов жүргізеді.

Бір бөлімнен тұратын концерт 19:30-да басталады, билет бағасы 1500 теңгені құрайды.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: «Астана Опера» театрының баспасөз қызметі

С. А