Оқи отырыңыз

Адам тек жаңа туған кезінде, содан соң тек өлер сәтінде ғана бар күнәһарлықтан таза, ақ, адал сезімнің айдынында жүзе алады

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Театр / Сексен сегізінші қыстың куәгері

Сексен сегізінші қыстың куәгері

Сексен сегізінші қыстың куәгері

Бүгін – Қазақтың Мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының туған күні. Әкемтеатрдың ұзақ жылдық тарихындағы оқиғалар мен өзгерістерді бір мақалаға сыйдыру немесе бір күнде айтып тауысу мүмкін емес. Бұл тығырықтан шығудың басқа бір жолын таптық. Сексен сегізінші қысын қарсы алып отырған қара шаңырақтың қуанышын бөліспек ниетпен театр жанынан құрылған мұражайға бас сұққан болатынбыз...

Арнайы репортажымызды ұсынбас бұрын мұражай жетекшісі Наргиз Тамабекқызы Асанжановаға бірер сұрақ:


Наргиз ханым, мұражайдың құрылуы туралы қысқаша айтып берсеңіз...

Біздің мұражайдың 45 жылдық тарихы бар, яғни, 1968 жылдың мамыр айында Орталық мұражайдың филиалы ретінде ашылған. Кейін бұл мұражай театрдың тікелей бөлімі ретінде заңдастырылды. Мұражайды ашуда белсене қатысқан ең басты адамдар – театр актерлері деседі. Барлық жұмысты ұйымдастырып, басы-қасында жүрген басты адам – Қапан Бадыров екен. Оны М. Әуезов театрының корифейлерінің, саңлақтарының бірі деуге болады. Қапан Бадыров театрдың ең алғашқы әртістерінің қатарында болған. Қапан аға мұражайдың құрылуы туралы "Естен кетпес есімдер" деген кітабында өте жақсы айтып кеткен. Кітапта "бұл – біздің тарихымызды келешек ұрпаққа жеткізетін мұражай" деп жазған сөздері есімде. Біздің мақсат та тарихымыз өшпесе екен, сахнада ойнаған ұлы тұлғалар ұмытылмаса, қазақ тарихындағы үздік қойылымдар насихатталса екен, қазіргі ұрпақ, көріп, біліп, оны келешекке жеткізсе деген ниет, ой. 

Қапан ағаның айтуынша, мұражай алғашында 500 суреттен басталған екен. Ал қазіргі жәдігерлеріміз 55 мыңға жетіп отыр. Бүгінде мұражайда төрт қызметкер бар.

Биыл М. Әуезов театрында елеулі өзгерістердің болғандығынан хабардармыз, ал сіздердің мұражайда қандай жаңалықтар бар?

Биылғы жыл – мұражай тарихындағы ең табысты жылдардың бірі болды деп айтар едік. Бұрын театр құрылысының жоспары жасалғанда-ақ, мұражай үшін арнайы орын белгіленген екен. Жаңа мұражай ашпасақ та, сол орынды барынша толтыруға, тиімді пайдалануға тырыстық. Замануи үлгіде қайта ұйымдастырдық. Жұмыс директорымыз Еркін Тілеуқұлұлының басқаруымын жүрді. Және Асанәлі Әшімов, Сәбит Оразбаев, Есмұхан Обаев, Әубәкір Рахимов, Әлия Бөпежанова сынды азаматтардың қатысуымен үлкен комиссия құрылды. Осы кісілдердің қолдауымен мақсатымызға төрт айдың ішінде жете алдық деп ойлаймын. Қайта жасау жұмыстарына бүкіл театр жұмыла кірісті. М. Әуезов театрының белді қоюшы-суретшісі Мұрат Сапаров деген жігіттің де еңбегі елеулі. Қазіргі мұражай екі қанаттар тұрады: біріншісі 1926-1970 жылдарды, екіншісі – 1970 жылдан осы күнге дейінгі уақытты қамтиды. Қазір жүріп жатқан қойылымдар кіргізілген жоқ. Бұрыңғыдай тек суреттермен шектеліп қана қоймай, белгілі актерлердің сахналық костюмдері, ұстаған жеке заттары, ескі афишалар, бағдарламалар, театрға келген шетелдік режиссерлердің сұхбаттары қойылды. Сексен сегіз жыл аз уақыт емес, сондықтан, осындай тарихи мұражай жасау да үлкен жауапкершілікті талап етеді. Біз мұнымен тоқтап қалмаймыз, әрмен қарай кеңейе береміз, жаңарамыз деп ойлаймын. 

Мұражайдағы ең құнды зат ретінде нені атар едіңіз?

Мұражай қызметкері ретінде маған әрбір зат өзінше құнды (күліп). Себебі, оның әрбірінің жеке тарихы бар. Бірақ, аса ерекше атап өтетінім – ең алғашқы, яғни, 1926 жылғы афишаның көшірмесі бар (оны орталық мұрағаттан алуға мүмкіндік туды). Онан кейін сахналық киімдерді айтар едім. Кешегі өткен Фарида апамыздың жас кезіндегі костюмі, Шәкен Аймановтың костюмі, Асанәлі Әшімов ағамыздың "Ажар мен Ажалда" киген шапаны бар. 1926 жылдарға тікелей қатысты суреттердің де өте құнды екені айтпаса да белгілі. Сондай-ақ, тарихи құжаттар да өте көп қойылған.

Мұражайдың негізгі келушілері кімдер?

Біз жақында қонақтарға арналған кітап жасап қойдық. Кітаптағы жазбаларға қарап отырсақ, келушілердің барлығының шын риза болып жатқандарын байқаймыз. Мұнда келетіндердің көпшілігі – кішкентай мектеп оқушылары, орта буын өкілдері, тіпті қарт кісілер дер едім. Бастапқыда қалай болар екен деген уайым болған, бірақ, адамдар қойылымнан бұрын ерте келіп, мұражайға көтеріліп, жәдігерлерді қызығушылықпен тамашалап жатады. Алдын-ала хабарласып, тапсырыс беретін ұжымдар да баршылық. Қонақтар арасында шетел азаматтары да бар. Америкадан, Түркиядан келген азаматтар алғысын білдіргенде, шын қуанып қалғанбыз. Айта кетейін, мұражай түскі сағат үштен бастап ашылады. 

Туған күн құтты болсын! Ұжымның шығармашылықтары өрлей берсін! Театр деңгейінің өте жоғары екенін білемін, одан әрмен дами түссін! Биік белестерді бағындыруына шын тілектеспін! Мұражайымыз әрдайым халыққа қызмет ете берсін!

Әңгімеңізге рақмет! Мұражай ғұмыры ұзақ болсын!

Ал енді уәде еткеніміздей мұражайға саяхат (бірінші қанат):

Ең алғашқы қадам, ең алғашқы жыл, ең алғашқы афиша:

Театрда ең алғаш қойылған "Алтын сақина" қойылымының афишасы:

Театрдың ең алғашқы ұжымы:

М. Әуезовтың қызмет еткен жылдары:

Қойылым афишалары:

Театрдың академиялық атақты иемденгені туралы құжат:

Қалибек Қуанышбаев тұтынған заттар мен марапаттары:

Қапан Бадыров тұтынған заттар мен марапаттары:

Әрлеуге (гримге) арналған бөлме (грим жасаушыларға естелік):

Шолпан Жандарбекованың "Ақан сері-Ақтоты" қойылымында киген киімі:

Хадиша Бөкееваның "Абай" қойылымына киген киімі:

Фарида Шәріпованың "Қобыландыда" Қарлығаның рөлін ойнағанда киген киімі:

Асанәлі Әшімовтың "Ажар мен Ажалдағы" шапаны:

Театр Ұлы Отан соғысы жылдарында:

Майданға барып, қайта оралмаған театр актерлерінің суреттері:

Майданға гастрольдік сапар:

Театр ұжымы басқа да гастрольдік сапарларда:

Естелік заттар:

Екінші қанат (1970 жылдан кейін):

Майлы бояумен салынған атақты суретшілердің суреттері (екі қанатты қоса есептегенде мұндай суреттердің 36-сы бар):


1970 жылдардан кейінгі театр тынысы:


"Турандот ханшайым" қойылымындағы Д. Жүсіптің киімі:

"Абылай ханның ақырғы күндері" қойылымында Т. Жаманқұловтың киген киімі:

"Ричард ІІІ" қойылымындағы Ә. Молдабековтың киген киімі:

Абай мен Әйкерімнің киімдері:

Театр ұжымының шетелдегі гастрольдік сапарлары:

Театр тұлғалары туралы еңбектер:

Театрға берілген марапаттар мен сыйлықтар:

Қазақ өнерінің ең алғашқы қарлығаштарының табаны тиген, қазақ өнерін, мәдениетін, драматургиясын, режиссурасын, актерлік өнерін биікке көтеріп келе жатқан шаңырақты сексен сегіз жас мерейтойымен құттықтай отырып, шығармашылық табыстар тілегіміз келеді. Театр ғұмыры ұзақ болсын!

Дайындаған және суретке түсірген: Айгерім Сматуллаева

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 13 қаңтар 2014, 15:17
Пікірлер
+0
13 қаңтар 2014, 14:43

ҚазҰУ-дың студенттерін өзіне қонақ қылған қара шаңырақты туған күнімен құттықтаймын! Қасиетіңді пір тұтар актерлерің мен көрерменің көп болсын!

+0
13 қаңтар 2014, 17:03

Мұның әрқайсы туралы жаза берсең том-том еңбек болар еді :lol:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.