Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Театр / «Астана Опера» «Ұйқыдағы ару» ертегісін қояды

«Астана Опера» «Ұйқыдағы ару» ертегісін қояды

«Астана Опера» «Ұйқыдағы ару» ертегісін қояды

«Астана Опера» театры 6 және 7 желтоқсанда көрнекті балетмейстер, КСРО халық әртісі – Юрий Григоровичтің жаңа хореографиялық редакциясындағы «Ұйқыдағы ару» ("Спящая красавица") балетінің екі қойылымын ұсынады. Театрдың сахнасында басты кейіпкерлер Аврора ханшайымы мен Дезире ханзадасының партияларын балеттің белгілі әртістері: Әйгерім Бекетаева, Тайыр Гатауов – бірінші құрамда және Гауһар Усина, Рүстем Сейітбеков – екінші құрамда сомдайды.

«Ұйқыдағы арудың» желісі, сипаты, ырғағы сарқылмайды, «Астана Опера» аталған балеттік спектакльді осымен екінші рет қоймақ. Көрермен оны көрген сайын жақсылық пен зұлымдықтың шегі жоқ күресін жаңаша сезіне алады. Бұл қойылым Шарль Перроның кең тараған «Ұйқыдағы ару» француз ертегісінің әдеби нұсқасы. Балеттегі басты көріністе ерке де әсем Аврора ханшайымы пайда болады, ал соңғы салтанатты көріністе хореография өнерінің дамуының жоғарғы деңгейін паш ететін үйлену тойындағы көрініс орын алады. Кіндігін кескен қызына бақыт пен игілік тілеген мейірімді Сирень перінің бейнесі, сондай-ақ албырт Дезире ханзаданың бейнесі жүректі елжіретеді. Бұл көріністерде аналық қамқорлықтың, жас ханзаданың махаббаты мен көңілін білдірген сәттердің алып-ұшқан сезімдері бейнеленген. Музыкалық тұрғыдан да, балеттік тұрғыдан да көріністердің ішіндегі ең жарқыны, мерекелі де есте қаларлығы – үлкен ансамбльді вальс көрінісі.

Юрий Григорович композитор Мариус Петипаның мәтіндерін топтастырып, бір спектакльге жинап, екі акттан тұратын қойылым жасады. Балеттің көркемдік жетекшісі Тұрсынбек Нұрқалиев театр труппасының көрнекті қоюшы хореографпен жұмыс істеуі, биікке ұмтылған әртістер үшін үлкен серпін бергенін атап өтті. «Балет труппасының ерекшелігі олардың бір стильмен шектеліп қалмайтындығында, бұл жас әртістерге тек классикалық биді билеп қана қоймай, сондай-ақ оларға драмалық актер ретінде шыңдалудың сан қырын игеруге мүмкіндік береді. Қойылымға бишілер қатарын толықтырған әртістер қатысады, олар: Халықаралық конкурстардың лауреаты Досжан Табылды мен Еркін Рахматтулаев», - дейді Т.Нұрқалиев.        

Костюмдер мен декорациялар либреттоның стиліне сай италияндық шеберлермен әзірленді. Әлемнің үздік сценографтарының бірі Эцио Фриджерио және «Оскар» сыйлығының иегер, костюмдердің суретшісі Франко Скуарчапино сахнаны шеберлерге тән сән-салтанатқа айналдырып, нағыз ертегіні суреттеді. Жарық беруші итальяндық Виничо Кели.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: «Астана Опера» театрының баспасөз қызметі

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 04 желтоқсан 2013, 16:18
Пікірлер
+0
05 желтоқсан 2013, 08:50

Керемет!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.