«Астана Опера» сахнасында Ержан Күлібаев пен Владимир Кираджиев өнер көрсетеді

«Астана Опера» сахнасында Ержан Күлібаев пен Владимир Кираджиев өнер көрсетеді

2013 жылдың 30 қарашасында «Астана Опера» сахнасында Ержан Күлібаев пен Владимир Кираджиев өнер көрсетеді.

«Астана Опера» театрының Камералық залында классикалық музыкадан үлкен концерт болады. Шараға бүгінде Испанияда тұратын халықаралық байқаулардың лауреаты, атақты скрипкашы Ержан Күлібаев, аустриялық дирижер - Владимир Кираджиев мен «Астана Операның» камералық оркестрі қатысады.

Кеште Ержан Күлібаевтің орындауындағы скрипкалық музыканың жауһарлары: Моцарттың, Сен-Сансаның, Бизе-Ваксманның шығармалары орындалады. Концертте П. И. Чайковский шығармаларының шарықтау шыңында тұрған ішекті аспаппен орындалатын серенадасы паш етіледі. Эмоция мен көрнекті әуенге толы музыкадағы қайғылы қақтығыстар мен шығарма соңындағы шексіз мерекені жеткізетін сәттер ешкімді бей-жай қалдырмайды.  

«Астана Опера» театрының музыкалық жетекшісі Абзал Мұхитдинов Моцарттың, Сен-Сансаның, Бизе-Ваксманның үздік туындылары мұндай концерттер оркестр құрамындағы скрипка үшін, өзін-өзі сыйлайтын кез келген асқан шебер-скрипкашы үшін репертуардың ажырамас бөлігі болуы тиіс екенін атап өтті. «Оркестрде аталған музыканы ойнағанда романтикалық сезімнің арасында «жасырынып», не көпшіліктің арасында «білінбей» қала алмайсың. Бұл шығармаларды орындаған кезде солисттің қабілеті лакмус қағазы іспеттес бірден білінеді. Екінші жағынан, нәзік те зерделі сүйемелдеу оркестрдің шығармашылық тұрғыдан қаншалықты жетілгенін және дирижердің ырғағын көрсетеді», - дейді Мұхитдинов.

Билеттер «Астана Опера» театрының кассасында, бағасы 3000 тг.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: «Астана Опера» театрының баспасөз қызметі

С. А