Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Театр / "Астана Опера" театрының әлемдік премьерасын онлайн түрде көре аласыздар

"Астана Опера" театрының әлемдік премьерасын онлайн түрде көре аласыздар

Ертең, яғни 1 қазан күні театрдың камералы залының ашылуына орай ұйымдастырылатын "Барокко данышпаны" гала-концерті жұртшылыққа Tengrinews.kz/tv арқылы онлайн түрде көрсетіледі. Бұл туралы Massaget.kz-ке театрдың баспасөз қызметі хабарлады. 

Трансляция бағдарламасы төмендегідей:

1 қазан, сағат 19-00-де халықаралық музыка күніне орай "Астана Опера" театры камера залының салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Шараның басты қонағы – Дариға Назарбаева болатынын айтып өткен болатынбыз. Ол пианист Тимур Орманшеевтің сүйемелдеуімен өнер көрсетеді.

Барокко музыка дәуірінің туындылары шырқалатын кеште Георг Фридрих Гендель, Иоганн Себастьян Бах, Антонио Вивальдидің әуендері көрермендердің құлақ құрышын қандырмақ. 

21 қазан, сағат 19-00-де Д.Вердидің «Attila» операсының премьерасы болады. Музыкалық басқарушы әрі дирижер – Валерий Гергиев (Мариинск театры, Санкт-Петербург). Қоюшы – Pier Luigi Pizzi (Teatro dell’Opera di Roma, Италия), басты партия орындаушылары – Елдар Әбдіразақов, Анна Маркарова (Мариинск театр, Санкт-Петербург).

22 қазан, сағат 19-00-де классикалық музыка жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт өтеді. Концертте Денис Мацуев, Светлана Захарова, Елдар Әбдіразақов, Анна Маркарова, Сергей Крылов, Ольга Перетятько, Майра Керей, Медет Чотабаев, Альфия Кәрімова, Абзал Мұхитдинов, Лучано Ганчи, Клаудио Сгуро т.б. өнер иелері өз өнерлерін паш етеді.

24 қазан, сағат 19-00-де "Астана Опера" театры жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт ұйымдастырылады.

Қазанда қалың қауымға ауқымды сый дайындап отырған "Астана Опера" театрына асығыңыз! 

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: "Астана Опера" театрының баспасөз қызметі

1231 2
Рейтинг: +3

Қосылған күні: 30 қыркүйек 2013, 17:35
Пікірлер
+0
30 қыркүйек 2013, 21:19

Онлайн қарап көрмесем

+0
01 қазан 2013, 09:04

Супер! Бізге де осы жүйенің жеткеніне шүкір!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев